Павлодарлықтар денсаулық сақтау басқармасына қатысты қайда шағымдана алады?

Павлодарлықтар денсаулық сақтау басқармасына қатысты қайда шағымдана алады?
Фото: Константин Шелков

Антикор қызметі денсаулық сақтау саласын тексереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық мекемелерінің жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды. Тексеріс алдағы 30 жұмыс күні ішінде жалғасады.

– Департамент пен денсаулық сақтау басқармасы арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды. Облыс жұртшылығын жемқорлық тәуекелдерін анықтауда белсенділік танытуға және сыбайлас жемқорлықты жоюда өз үлесін қосуға шақырамыз, – дейді департаментте.

Егер талданып отырған саладағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты тиісті ақпаратыңыз, шағымдарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, Қамзин көшесі, 37 мекенжайы бойынша орналасқан «Antikor Ortalygy» фронт-офисіне немесе 87713053043 нөмірі бойынша жүгіне аласыз.