Ертең Павлодарда екі көше жабылады
Мұнда Малайсары батыр көшесінен Щедрин көшесіне дейінгі жол учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, Ломов көшесінен қалалық үйінді бұрылысына дейінгі Жібек жолы көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Осыған байланысты ертең, яғни 25 тамыз күні Малайсары батыр көшесінен Щедрин көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылады. Осы ретте Успен көпірі арқылы айналма жол ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.
Жауапты мамандар қала тұрғындарына келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.