Ertis Promenade сахнасындағы тамыз айындағы іс-шаралар тізімі жарияланды

Ertis Promenade сахнасындағы тамыз айындағы іс-шаралар тізімі жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындарын спорттық жаттығулар, концерт, дискотека және би кеші күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаздың соңы қала тұрғындары мен қонақтары үшін жарқын және қызықты оқиғаларға толы болмақ. Ертіс жағалауындағы Ertis Promenade сахнасында әр түрлі талғамға сай іс-шаралар өтеді.

21 тамызда сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін егде жастағы азаматтарға арналған «Танцы долголетия» жаттығулары ұйымдастырылады.

22 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Железин ауданының шығармашылық ұжымдарының концертін тамашалай аласыз.

23 тамыз күні спортты сүйетіндер үшін қос іс-шара өтеді: таңғы сағат 9:00-10:00 аралығында «Павлодар на спорте» жаттығулары, ал кешкі сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін барлығын дискотекаға шақырады.

Апта соңында, 24 тамызда, сағат 19:00-де «El Paso» би студиясының «OPEN AIR» іс-шарасымен жазғы кешті қызықты өткізуге мүмкіндік бар.