«Ertis Promenade»-да кімдер өнер көрсетеді

«Ertis Promenade»-да кімдер өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодарлықтар мен қала қонақтарын мазмұнды концерттік бағдарлама күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

6 маусым күні сағат 19:30-да басты жазғы сахнада үлгілі «Жұлдыз нұры» ән театрының Ренат Малцаговтың қатысуымен мерейтойлық концерті өтеді.

7 маусым күні сағат 19:00-де осы сахнада «Лад» ансамблінің ұйымдастыруымен «МультиFest» шарасы ұсынылады.

8 маусым күні сағат 19:00-де Естай атындағы Мәдениет сарайының балалар шығармашылық ұжымдарының есептік концерті өтеді.