Ертіс ауданында майлы дақылдарды көбірек егуге бет бұрды

Әкімдік сұранысқа қарап, көктемгі дала жұмыстарының егу жоспарларына өзгерістер енгізілді , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ертіс ауданына барды.
Биыл Ертіс ауданында жалпы егістік көлемі 326 мың гектарды, астық – 234 мың гектарды, мал азығы – 28 мың гектарды құрап отыр. Майлы дақылдар алқабы 63,6 мыңға дейін ұлғайды, оның ішінде тек күнбағыс дақылдары 54 мыңды құрады. Зығыр – 9,2 мың гектар.
– Азықтық мен майлы дақылдарды көбірек еккендіктен, бидайды 10 мыңға кем еге бастадық. Тағы 15 мың гектарға күнбағыс егілді. Биыл арпаға сұраныс артқандықтан, ол да көбірек егілді, – деп түсіндірді «Уразбаев» шаруа қожалығының басшысы Сайлау Уразбаев.
216 мың гектар жер химиялық тыңайтқыштармен өңделді, бірақ биылғы жылы шаруалар минералды тыңайтқыштарды белсенді пайдалана бастады. Бүгінгі күні жеті мыңнан астам тыңайтқыш сатып алынды. Оны пайдалану өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.
–Тыңайтқыштың көлемін арттыру керек. Бұл жайдан жай шыққан нәрсе емес, үнемі зерттеліп жатыр. Жердің құнарлығы жылдан жылға түсіп бара жатыр. Келешек ұрпақтарымызға жақсы жер қалдырамыз десек, тыңайтқышты сәл көбейту керек, – деп тапсырды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Биыл Ертіс ауданында 16 тонна өнім алу жоспарда бар.