Ертіс ауданында мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды

Ертіс  ауданында мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Материал сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясын өткізу барысында Ертіс ауданында полицейлер  мас күйде болған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.

– Қараөткел ауылының жолында мемлекеттік тіркеу нөмірісіз жүрген мотоцикл жүргізушісі күдік туғызды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болды, – деді Ертіс  ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал сотта қаралды. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Тәртіп сақшысы әркім өзінің жақындары мен туыстарын, таныстарын тоқтатып, көлік құралын мас күйінде жүргізуіне жол бермеуі керек екенін еске салады. Егер заңсыз әрекеттің куәгері болған жағдайда полицияға «102» нөмірі бойынша хабарлау керек.