Ертіс ауданында суармалы алқаптар жерлері ұлғаяды
Ауданның суармалы алқаптардың жағдайымен облыс әкімі танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Ертіс ауданының Қараөткел ауылында «KM Ertis Agro»шаруа қожалығында тұрақты суару үшін су тазарту қондырғысы мен су құбыры салынып жатыр. Су құбырының құрылысы маусым айының басында басталған. Жоспар бойынша магистралдік құбырдың жалпы ұзындығы 11 км болады.
– Суды көрші жатқан Қарақұдық ауылынан тартатын боламыз. Магистралды су құбырдың өзі өзеннің жайылмасынан бастау алады. Екі сорғы станциясы понтонда орналасатын болады, – деді «KM Ertis Agro» шаруа қожалығының иесі Арман Қайсағалиев. – Жоба бойынша ешқандай қиындықтар жоқ екенін атап өтті. Барлық құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр.
Облыс әкімі Асайын Байханов Ертіс ауданына жұмыс сапары барысында аталған шаруа қожалығына барып, құрылыс барысымен танысты.
– Бізде осылай белсенді бастайтын, аяғында әлсіз жұмыс істейтін кейбір жобалар бар. Мемлекеттік қаражатқа салынғаннан кейін осы учаскіде тиімді жұмыс істеу керек, – деді Асайын Байханов.
Бұл жобаға 788 млн теңге бөлінген, болашақта 460 га суармалы жер пайда болады деп жоспарланған. Сондай-ақ, шаруа қожалықтың иесі аталған жерде 600 басқа арналған сүтті ферманы ашқысы келеді, алайда керекті жердің көлемі аз. Ол үшін кемінде 1200 га жер керек.
Ал «ОХ Иртышское» шаруа қожалығының басшысы Николай Миллер биыл қиын жағдайға тап болды. Ылғалдың жетіспеушілігінен алқаптардың 70 пайызы күйіп кетті.
– Биыл сіздің қолдауыңыз өте қажет. Қалған 30 пайызын ғана жинайтын боламын . Келесі жылы егу үшін 1,5 млрд теңге тең қана тұқымдарға жұмсалады. Ал егер екпесек бізді 10-15 жылға кейінге шегеріп тастайды. Егер жерлер себілмесе бұл апатқа әкелуі мүмкін, – деді Николай Миллер.– Сондай-ақ арзандатылған дизель отыны да керек.
Қожалықтың басшысы мал азығын дайындауда кедергілер бар екенін айтады.
– Бізге шабындық алқаптар бойынша көмек керек және егіс алқабын салу керек, – деп атап өтті Николай Миллер.
Асайын Байханов бұл мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
– Біз бұның барлығын шешетін боламыз. Биыл жемшөп дайындауға субсидиялауды төрт есеге арттырдық. Сонымен қатар, арзандатылған дизель отынының көлемі ұлғайтылды. Егер бұрын төрт мың тонна бөлінсе, қазір тек азыққа – он мың тонна бөлінеді. Жалпы 38 мың тоннаны күзгі-дала жұмыстарына бөлеміз, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ бұл шаруашылықта суару мәселесі де жоқ емес. Суармалы судың негізгі көзі– Қаратүн өзені жылдан жылға таязданым барады және түбі ластанып кеткен. Келесі жылы аталған проблеманы шешу мақсатында судың арнасы мен түбін тазартылатын болады. Бұған қаражаттан 1,7 миллиард теңгені бөлуді жоспарлап жатыр.