Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі қайта ашылды

Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі қайта ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық көлік түрлері қатынай алады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

10 сәуір сағат 20:00-ден бастап жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі барлық көлік түрлерінің қозғалысы үшін ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, жол төсемінің ең зақымдалған учаскесін жөндеу 8 сәуірде басталды. Күн сайын көпірден 10 мыңнан астам автомобиль өтеді. Жұмыстар шамамен 700 метрді қамтыды. Мердігерлік ұйым «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ болды. Жөндеу кезеңінде жеңіл көлікке арналған жол уақытша шектеліп, Кенжекөл кенті арқылы жіберілді.