Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіп жинағы ЮНЕСКО тізіліміне енді

Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіп жинағы ЮНЕСКО тізіліміне енді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстан ұсынған екі номинация ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл шешім 2026 жылғы 5 қарашада Джакартада өткен бағдарламаның Азия және Тынық мұхиты өңірлік комиссиясының (MOWCAP) отырысында қабылданды.

Тізілімге «Есік жазуы: Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руна жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдары жинағы» енді.

Қос мұра тізілімге енгізілу арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды. Өз кезегінде бұл еліміздің мұрасын шетелде кеңінен танытуға мүмкіндік береді.