Тереңкөл ауданында көшпелі көрме өтті

Тереңкөл ауданында көшпелі көрме өтті
Фото: Бұқар Жырау музейі

Игі шарада ағымдағы жылдың мерейтой иелеріне арналған танымдық көрме қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, көрмені Қатша Оспанов атындағы мектебінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұйымдастырды.

– Көрмені мұражайдың қор бөлімінің меңгерушісі Мейрамғали Қайроллаұлы және бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Жанар Абаевна таныстырды. Мектеп оқушылары тың деректермен танысып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты, – дейді ұйымдастырушылар.

Шарада музей қызметкері Назымгүл Шапағат әннен шашу шашты.