Ыстық күндегі сенімді жеңіс: «Ертіс» «Хан-Тәңіріні» тізе бүктірді

Ыстық күндегі сенімді жеңіс: «Ертіс» «Хан-Тәңіріні» тізе бүктірді
Фото: "Ертіс" футбол командасының баспасөз қызметі

Асқар Сатышев пен Абинұр Нұрымбеттің жарқын ойынымен команданы турнир кесетсінде екінші орынға көтерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бірінші футбол лигасының 12-ші турында павлодарлықтар «Хан-Тәңірімен» кездесті. Матч Алматыда өте ыстық күнде өтті. Осыған байланысты екі жақтағы футболшылардың әрекеті айтарлықтай шектелді.

Осыған қарамастан, «Ертістің» басымдығы байқалды. Қорғаныстың ортасынан орын алған Асқар Сатышев шабуылдарды жақсы бастап, жалпы өте жақсы ойынды көрсетті.

Кездесудегі есепті Тамерлан Агиманов ашты. Командамыздың жартылай қорғаушысы алыстан дәлме-дәл соққы жасап, қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Кейін Абинұр Нұрымбет бұрыштамадан көтерілген допты қақпаға дәл бағыттап, нәтижені еселей түсірді. Бұл ойыншының “Ертіс” сапындағы дебютті голы болып тіркелді.

Арада үш минут өткенде Абинұр Нұрымбет тағы бір голды соққан. Нәтижесінде, «Каспий» мен «Шахтёрдың» сәтсіздігінен кейін екінші орынға көтеріліп, Ақтаудан ұпай айырмасын төртке дейін қысқартқан «Ертіс» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Павлодарлықтар келесі кездесуін өз алаңында өткізеді. 11 шілдеде команда Өскеменнің «Алтайымен» ойнайды.