«Канело» қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Қазақстан халқын төл мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады. Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті, - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасына.
Канело да Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтады.
«Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!» - деген «Канело».
Посмотреть эту публикацию в Instagram