«Касперский» павлодарлық балаларды күмәнді сайттардан қорғайды

«Касперский» павлодарлық балаларды күмәнді сайттардан қорғайды
pexels.com

Ертіс-Баян өңірінде балаларды интернетте киберқорғауға бағытталған пилоттық жоба іске асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Оны  «Касперский Зертханасы» мен Павлодар облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы іске қосады.

- Тараптар жасөспірімдер құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған Павлодар облысының неғұрлым әлеуметтік осал отбасылары үшін Kaspersky Safe Kids* тегін лицензияларын беруге келісті. Шешім балаларды күмәнді ресурстарға көшуден қорғауға көмектеседі, - делінген хабарламада.

Ынтымақтастық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен кездесуде жарияланды. Оған облыстық білім басқармасының өкілдері, «Отбасы және балалар. Павлодар» облыстық қоғам бірлестігі және Павлодар облысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобы, Павлодар облысының учаскелік полиция инспекторлары қатысты. 

- Біздің әріптестігіміздің жаһандық мақсаты Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік пен кибер сауаттылықты дамыту деңгейін арттыру, мақсатты топтар үшін, соның ішінде Интернетті үй пайдаланушылары үшін де, бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар үшін де түрлі білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру болып табылады», - деп атап өтті «Касперский Зертханасының» мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Қайыржан Абдрахманов. 

Айта кетелік, «Касперский Зертханасы»  1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания.