Шалдайдағы өртті сөндіруге көрші аймақтардан 120-дан астам адам көмекке келді (ВИДЕО)
Мамандар Астана, Қарағанды қаласы мен ШҚО келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді.
- Шарбақты ауданына қарасты «Ертіс орманында» болған орман өртін сөндіруге көмектесу үшін Қарағанды қаласынан 33 адам және 6 техника, ШҚО-мен 21 адам мен 5 техника және елордадан 67 адам 15 техникамен келді, - делінген хабарламада.
«Ертіс орманы» өртті сөндіруге келген екі тікұшақтың біреуі істен шығуына байланысты Семейге ұшып кеткенін хабарлады. Ал Астана қаласынан Павлодар қаласына келген тікұшақ түнде ештеңенің көрінбейтініне байланысты, таңертең жұмысқа кіріседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram