Екібастұзда салафизм жақтаушысы бұрынғы әйеліне нәжіс жағып қорлаған
Ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтар күні Екібастұз қаласының полициясына әйел адам көмек сұрап жүгінген.
– Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы тұрғын бұрынғы жұбайымен жанжалдасқанын анықтады. Тәртіп сақшылары қорғау ұйғарымын шығарды. Алайда 29 қаңтарда 47 жастағы ер адам сауда үйлерінің бірінде бұрынғы жұбайына нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан. Осылайша қорғау ұйғарымын бұзған, – дейді департаментте.
Айта кетерлігі, ер адам деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы болып шықты.
Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды.
Фото: Константин Шелков