Күрделі ота: Павлодарлық хирургтар екі тұрғынның көз жанарын қайтарды

Күрделі ота: Павлодарлық хирургтар екі тұрғынның көз жанарын қайтарды
Фото: Ольга Бугаева

Жергілікті хирургтар күрделі ота жасау бойынша білімдерін кеңейтіп, алматылық дәрігерлермен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алматылық маман Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының бірінші бөлімшесінің меңгерушісі Лұқпан Оразбеков көздің қасаң қабығында ақауды қалпына келтіру жолдарын көрсетті. Ол Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханның мамандары үшін екі күндік шеберлік сабағын өткізді.

– Макулярлы ісіну бұл– көздің қасаң қабығы зақымдануы. Ол қартаю немесе жарақат алу салдарынан пайда болуы мүмкін. Бүкіл адам ішінде макулярлы ісіну 1-3 пайызында ғана кездеседі. Әсіресе 50 жастан асқан адамдарда анықталады. Ол кезең-кезеңмен асқынады. Макулярлы ісінудің пайда болуының нақты себептері белгісіз, –дейді Лұқпан Оразбеков.

Дәрігерлер көздің  қасаң қабығына жасалатын оталар ең қиын оталардың қатарына жатады деп айтады. Макулярлы ісінуде процедура 30 минуттан бір сағатқа дейін созылады және оны екі хирург орындайды.

– Тор қабығы аймағында саңылау пайда болған кезде науқастың көру қабілеті жоғалады. Жарықтың диаметрі өте үлкен, ал жүйке ұлпасының өздігінен қалыпқа келу қабілеті жоқ. Офтальмологтар жарылған аймаққа пластикалық ота жасайды,– дейді Лұқпан Оразбеков.

Павлодарда екі күнде алты науқасқа ота жасалды. Ота жасатқандардың бірі, науқас Алексей Поляковтың айтуынша, оның бұрын көру қабілетінен ақау болмаған. 

– Ұзақ  уақыт ұшақпен ұшудан кейін сол жақ көзімнің жанары кенеттен жоғалып кетті. Дәрігерлер макулярлы ісіну деген диагноз қойды,– деді науқас. 

Облыстық аурухана мамандары Алексейдің көру қабілеті толық қалпына келеді деп сенеді.

Науқас Людмила Грошева да тек бір жақ көзі көру қабілетінен айырылған еді. Алматылық хирургтың бастамасымен оған да тегін ота жасалды. Науқас бұл процедураның ауыртпалықсыз өткенін хабарлады.

Бұған дейін макулярлы ісінуді тек Алматы мен Астанада ғана емдейтін. Шеберлік сабақтан кейін Павлодарда да осындай оталарды енгізілмек. Жалпы осындай ота миллион теңгеге жуық тұрады, бірақ оны міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін жасауға мүмкіндік бар.