Павлодар медициналық авиациясы сәбилерді жаңаша тасымалдайды
Көлік инкубатор шала туылған нәрестелерге немесе ауыр патологиямен туған балаларға қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, құны 45 миллион теңгеге жуық медициналық аппарат демеушілер есебінен сатып алынды.
Жаңа жабдықтар Павлодар 103 базасында таныстырылды. Оған денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ануар Бұйрашев пен көлік инкубаторын сатып алған «Ертіс көмек» қорының басшысы Олег Костенко қатысты.
– Егер статистиканы алсақ, өткен жылы біз 373 өтінімді пысықтадық, бұл ретте 100 жағдайда салмағы 700-ден 1500 грамға дейінгі сәбилерді тасымалдадық, – дейді медавиация меңгерушісі Алмагүл Бесембинова. – Шала туған нәрестелерге немесе ауыр патологиямен туған балаларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлік инкубаторы қажет. Мұндай кювез ауа температурасын, оттегінің концентрациясын, салыстырмалы ылғалдылықты бақылауға, сондай-ақ тыныс алу терапиясын жүргізуге мүмкіндік береді.
Станция қызметкерлерінің айтуынша, сәбилермен жұмыс істеуде ең бастысы – медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі. Дәл осы мақсатта медициналық қызметкерлерді шұғыл көмек көрсетудің жаңа стандарттарына үнемі оқытып отырады. Алайда, 103-те қызметтің техникалық қару-жарағы туралы алаңдайды.
Бұған дейін медициналық авиацияның қажеттіліктері үшін жедел жәрдем станциялары қан газының экспресс-анализаторын тапсырған болатын. Бұл жағдайда «Halyk Bank» облыстық филиалы донор болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram