Павлодарда науқастың жүрегіне пілдің тұмсығы қолданылды
Облыстық кардиологиялық орталықта бірегей ота жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Орталықта «Пілдің мұздатылған тұмсығы» әдістемесі бойынша қолқа доғасын ауыстыру операциясы жасалды.
Аға ординатор, жетекші кардиохирург Әділжан Әлбазаровтың айтуынша, ота жоспар бойынша қалыпты өткен. 63 жасар ер адам қазір жансақтау бөлімінде.
- Бұл құрылғы Жапонияның ішкі нарығында 2014 жылдан бері қолданылып келеді. – дейді жапониялық өкіл Tatsuya Kataoka. - Өте сәтті, тұрақты нәтижелер көрсетеді. Біз өз нарығымызды кеңейтіп, Орталық Азияға шығуды шештік. Қазақстан Тайваньнан кейінгі екінші ел.
Пілдің тұмсығын қолдану арқылы аурудың асқынып кетуін алдын алуға болады. Егер пациент болашақта дәрігердің барлық ұсыныстарын ескерсе, ол ұзақ өмір сүре алады.
Астана қаласы «UMC» клиникасының жүрек орталығы хирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрадым Мырзағалиевтің сөзінше, Павлодар облысының кардиоорталығы еліміздегі көшбасшылардың бірі болып табылады.
- Айта кету керек, бұл орталықта орындалатын операция көлемі мен операцияның күрделілігі жыл сайын артып келеді, - дейді Мұрадым Мырзағалиев. - Және әлемдегі кардиохирургиялық араласулардың барлық ассортименті мен көлемін орындайтын көшбасшылардың бірі. Кардиохирургиядағы осындай өткір, ауыр және өмірлік маңызды мәселелердің бірі – аорта тамырлары. Аталмыш ауру өмірге қауіп төндіреді. Сондықтан адамның өмірі ота жасайтын команданың тактикасына және жылдамдығына байланысты.
Оның айтуынша, бұл аурумын бұрындары 50-ден асқан адамдар ауырса, қазіргі кезде одан да жастары ауыруда. Бұған аз қозғалу, жаман әдеттер, күш беретін түрлі сусындар себеп. Бұл қан қысымының көтерілуіне, ал ол тамырдың жарылуына әкеледі. Мысалы, «UMC» емдеу орталығына бұл аурумен жылына 15-20 адам жүгінеді.
Сонымен қатар, облыстық кардиологиялық орталықта «Қолқа доғасы хирургиясындағы заманауи тәсілдер» тақырыбында шеберлік сағаты мен дөңгелек үстел өтті. Оған республикалық және өңірлік кардиологиялық орталықтардың мамандары қатысты. Жиында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті ұйымдастырудың өзара әрекеттесуі жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.