Майқайың кентінде тұрғындардың көкейіндегі мәселесі шешілмек

Майқайың кентінде тұрғындардың көкейіндегі мәселесі шешілмек
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық жұмыстар кезеңмен іске асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев Бірлік және Майқайың кентінде халықпен кездесті.

Биылғы жылы аудан бойынша ірілі-ұсақты 41 жоба жүзеге асырылады.

Жиынның ашық микрофон бөлігінде Бірлік ауылының тұрғындары ауыз су, жол және жарық мәселелерін көтерді.

Аудан әкімінің мәліметінше, су мәселесі жуық арада шешімін тауып, жолға жөндеу жұмыстары алдағы уақытта қарастырылады.

Майқайың кентінде өткен жиында жергілікті тұрғындар абаттандыру мәселесін көтерді.

– Қазіргі уақытта кентте 2 аула, 5 үйді абаттандыру, 3,349 шақырым тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. Өкінішке орай, барлық сұранысты бір мезгілде қанағаттандыру мүмкін емес. Барлық жұмыстар кезеңмен іске асырылады, – деді Ардақ Кісентаев.

Сондай-ақ, тұрғындардың көкейіндегі кәріз мәселесі де алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.