Ақтоғай ауданының екі ауылында пошта жабылмайды
Бұл мәселенің шешілуіне алты айлық уақыт берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауданның ресми органдары хабарлағандай, Приреченск және Әуелбек ауылдарындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің жабылу мәселесі Приреченск ауылындағы азаматтар жиынында талқыланды.
- «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының бастығы Дәурен Бегманов ауыл тұрғындарына екі пошта бөлімшесінің жабылу себебін түсіндірді. Талқылау қорытындысы бойынша жұмысты алты айға шегеру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды ауданда.
Абоненттердің саны көп болған жағдайда екі ауылда бөлімшелерді сақтап қалу мүмкіндігі бар.