8 ақпанда Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

8 ақпанда Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с дейін күтіледі.

Түнде ауа температурасы -5...-10°C, күндіз -0..-5 °C көрсетеді.

Павлодар қаласында күн бұлттанып, түнде және таңертең қар жауады. 

Сынап бағанасы түнде -7..-9°C, күндіз  -1...-3°C болады.