Павлодарда қарт әйелді тонаған ер адам қолға түсті

Павлодарда қарт әйелді тонаған ер адам қолға түсті
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Полицейлерге қарақшыны ұстауға небары 15 минут уақыт қажет болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, департамент бастығы Василий Склярдың атына павлодарлық әйел Любовь Швецтан бейне алғыс келіп түсті.

- 645-автопатрульдегі патрульдің полиция қызметкерлері Қасым Қабдрашидов пен Нұрболат Қамаржанға менен сөмкені алып кеткен қылмыскерді бірнеше минут ішінде тапқан жеделдігі мен кәсібилігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Мен оларды тез шешім қабылдай алатын және тез әрекет ете алатын заманауи полицейдің үлгісі деп санаймын. Сағат 17:00 шамасында мен Н.Назарбаев даңғылындағы 233-үйдің жанынан өтіп, үйге бара жаттым. Белгісіз ер адам менің сөмкемді жұлып алып, қашып кетті. Онда құжаттар мен ақшаларым болған, - дейді Любовь Эдуардовна.

Жәбірленушінің айтуынша, ол бірден 102- нөміріне хабарласқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

- Оларға ер адамды сипаттап айтып бердім, ал бірнеше минуттан кейін полицейлер ер адамды ұстағанын хабарлады. Тәртіп сақшылар оны алып келгенде мен бірден таныдым, - дейді жәбірленуші.

Қолды болған сөмке мен ұрланған зат иесіне қайтарылды.