Май ауанында мемлекеттік рәміздерге бей-жай қарайтын мекемелерге ескерту жасалды
ҚР рәміздері бойынша аудан әкімі жанынан құрылған комиссия аудандағы мемлекеттік мекемелерді тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аудандық әкімдіктің мәлімдеуінше, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жайрангүл Балтабекқызы бастаған топ ауыл және ауылдық округ әкімдіктерін, білім беру ошақтары, мәдениет үйлері, аурухана, мемлекеттік мекеме ғимараттарындағы Ту мен Елтаңбаның орналасу тәртібін, рәміздер тақтасының талапқа сай екендігін қарады.
Мекемелердің ешқайсысында өрескел қателіктер анықталмаған. Дегенмнн, кейбір мекемелер мемлекеттік рәміздерге бей-жай қарайтыны анықталды.
- Мониторинг барысында бірнеше ескертулер жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айталық, Көктүбек, Кеңтүбек ауылдық округтері әкімінің аппараттарына кіре берісте орналасқан маңдайшада орналасқан Елтаңбаның түсі кеткен. Білім беру бөлімі ғимаратында орналасқан Елтаңбаның түсі кеткен. Мекеме қызметкерлері жаңа стендке тапсырыс бергенін және жақын арада ауыстырылатынын жеткізді, - деді аудандық әкімдікте.
Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында кейбір мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚР тіл туралы 151 Занның 21-бабын «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» орындамауы кездесті. Анықталған кемшіліктер бойынша бөлім басшыларына ескерту жасалды.
Фото: mai_aqparat