Павлодарда бес адам көктайғақта құлап, жарақаттанды
Оларды ауруханаға жатқызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 ақпанда 16:30-ғы жағдай бойынша даладағы қатты көктайғаққа байланысты Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға 15 адам жүгінді. Оның ішінен бес адам жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Көбіне тұрғындар жамбас мойнының, бұғананың, аяқтың сынуы сияқты жарақаттар алған.