Майқайың кенішінде жер астына түсіп кеткен құтқарушының әйелі билікке жүгінді

Майқайың кенішінде жер астына түсіп кеткен құтқарушының әйелі билікке жүгінді

Іздестіру жұмыстарының жүріп жатқанына 18 күн болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құтқарушылардың бірінің әйелі жариялаған виедоүндеу әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Бүгін жолдасымның қасымызда болмағанына 18 күн болды. Артында еңіреп, кәмелет жасқа толмаған, тіпті аузынан сүті кеппеген бес балам әкесін күтіп отыр. Облысымыздың төтенше жағдайлар департаментінің генерал-майоры Жасұлан Жұмашев және облыс әкімі Асайын Байхановтың басшылығымен 18 күннен бері іздестіріліп жатқан жұмыстарынан еш нәтиже жоқ. Маған қазіргі таңда жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары маңызды емес. Оны кейін зерттеп үлгересіздер. Маған азаматым, бес баламның әкесі, отбасы қорғаны керек, – дейді әйел.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майкайың-алтын» АҚ аумағында жолаушылары бар автобус жер астына құлап кетті. Екі құтқарушының денесі бірден табылды. Қалған екеуі туралы бүгінгі күнге дейін ақпарат жоқ.

Іздестіру жұмыстарының басталғанынан екі жарым апта өтті.