Павлодарлық азамат телефонды етке жасырып, колонияға кіргізбек болған

Павлодарлық азамат телефонды етке жасырып, колонияға кіргізбек болған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол қалаға шығып, айласын асырмақшы болғанда ұсталып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, №44 қауіпсіздігі минималды мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың піскен еттің ішіне телефон жасырып өткізу әрекеті тіркелді. 

– Жазасын өтеп жатқан азамат мекемеден ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 143-бабы негізінде қалаға шығып, мекемеге оралған соң стандартты тексеруден өтті. Тексеру барысында піскен еттің ішінде жасырылған ұялы телефон табылды. Мекеме қызметкерлері телефонды тәркіледі,– делінген хабарламада.

Бұл оқиға түрмелерде тыйым салынған заттардың қозғалысына бақылауды күшейту мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін көрсетеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.