Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы ауысты
Ол еңбек жолын 2007 жылы Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының жетекші маманы болып бастаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Асхат Ескендіров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Асхат Батыржанұлы 1984 жылы туылған, жоғары білімі бар. 2007 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша, 2008 жылы Халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2014 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
Еңбек жолын 2007 жылы Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының жетекші маманы болып бастады.
2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және оның аумақтық ведомстволарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп келеді.
Солардың ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің директоры.