Павлодарда бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі

Павлодарда бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған жаңадан тартылған су құбырын қосу жұмыстары себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық 109 қызметінің мәліметінше, Толстой көшесі, 84 мекенжайында су құбырын қосу жұмыстары жүргізілетіндіктен 19 наурыз күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін бірнеше мекенжайда су болмайды.

Су беру мына мекенжайларда уақытша тоқтатылады:

– Толстой көшесі, 84;

– Назарбаев даңғылы: 59/1, 59/2, 59/2А, 65, 65А, 69/9, 71, 81;

– Естай көшесі: 89, 89А;

– Бекмаханов көшесі: 115, 115Б, 115/1, 115/2, 115/8, 115/10, 115/13, 115/17, 115/18.

Коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Аталған жұмыстар сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тұрғындарға алдын ала су қорын дайындап қою ұсынылады.