Менің атым Қожа: Павлодарда жаңа премьера көрсетіледі

Менің атым Қожа: Павлодарда жаңа премьера көрсетіледі
Фото: aimauytov_teatry

Бұл қойылым автордың құрметіне арналып қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ЮНЕСКО көлемінде қазақ және балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы қарсаңында көрермен назарына бестселлер саналатын «Менің атым Қожа» спектаклінің премьерасын ұсынбақ. 

Бұл қойылымның сахналық нұсқасының авторы - Талғат Садықов,  ал режиссері - Жангелді Садықов.

Аталмыш қойылым Ж. Аймауытов театрында 25-26 маусым күндері сағат 18:30-да ұйымдастырылады. Билеттерді kmdt.kz, ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан алуға болады.