Министрлік Ертіс өзеніндегі фекалия туралы бейне-роликтерден кейін тексеруді бастады
Бассейн инспекциясының ақпараты бойынша, өзенге ағызу туралы деректер расталмаған. Мамандар роликтің жалған болуы мүмкін бе екенін тексереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бейне-ролик әлеуметтік желілерде ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің Павлодар облысына жұмыс сапары қарсаңында пайда болды. Роликтің авторы моторлы қайықтың жанынан өтіп бара жатқан қалдықтарды көрсетті. Әлеуметтік желілерде ағынды су Семейдегі кәріз дюкеріндегі апатқа байланысты өзенге түсті деп болжанған. Алайда, ол 2020 жылы жөнделді және Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, ағып кету болған жоқ.
Министр журналистерге Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары өзенді зерттегенін және бейне-роликтен алынған мәліметтер расталмағанын айтты.
– Біз қазір бейне қашан және қайда түсірілгенін анықтап жатырмыз, – деді Нұржан Нұржігітов. – Жергілікті атқарушы органдар кәріз-тазарту құрылыстарын реконструкциялау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Менің ойымша, мұндай жағдай болмауы керек.
Министр Ертістен ауызсу тазартылатынын, егер тексеру кезінде мамандар көрсеткіштердің өзгергенін байқаса, дереу шара қолданатынын атап өтті, өйткені бұл – трансұлттық өзен. Бұдан басқа, Қазақстан үкіметі Қытай Халық Республикасымен уағдаластық бойынша судың төгілуін бақылайды.