Мотошеру мен дефиле: Павлодарда кітап күніне орай ауқымды фестиваль өтеді
Шарада сирек кездесетін кітаптардың көрмесі қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
23 сәуірде облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Оқитын Павлодар» атты кітап фестивалі болады. Бұл кітапханаға оқырмандарды тарту, келушілер санын арттыру, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Іс-шара бағдарламасында облыстық кітапхана қорынан сирек кездесетін кітап басылымдарының көрмесі, қайырымдылық кітап жәрмеңкесі, жас автор мен ақындармен шығармашылық кездесу.
Мотоспорт әуесқойлары «Гараж» мотоклубының мүшелері «Оқитын Павлодар» кітап фестиваліне қолдау көрсетіп, облыстық кітапханада өтетін кітап мерекесіне мотошерумен жұртшылықты шақыратын болады. Сондай-ақ, кітапхана алдында дефиле көрсетіледі.