Мойылды ауылында жаңа әкім сайланады

Мойылды ауылында жаңа әкім сайланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сайлаушыларға өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат алу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау 28 шілде күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Абай көшесі, 1 құрылыс мекенжайы бойынша №3 сайлау учаскесінде өтеді.

Айта кетейік, тізімге азаматтар тұрғылықты тіркелген жері бойынша бойынша енгізіледі. Сайлаушылар өздерін тізімде 12 шілдеден бастап учаскелік сайлау комиссиясында тексере алады.

Комиссия телефоны: 32-65-96.