Облыс әкімі өңір тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов облыс тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Құрметті жерлестер!
Сан ғасырлық тарихы мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар Наурыз мерекесін асыға қарсы аламыз.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны».
Жер дүние жаңарып, айналамыз әсем құбылыспен әрленіп жатқан кезең – әр адамға мейірімділік пен қуаныш сыйлары сөзсіз. Туған жердің қасиеті болар, Павлодар облысының азаматтары жанашыр, кеңжүректі, дархан көңілді жандар.
Көктемнің осы шырайлы мерекесінде Сіздерді ыстық ықыласпен құттықтай отыра, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Ақ мол болсын, ағайын!»- делінген құттықтауда.