Павлодарлық балалар ғарыш айлағында қонақта болды

Павлодарлық балалар ғарыш айлағында қонақта болды

Балалар үйінің тоғыз тәрбиеленушісі «Жаса Одағы» қоғамдық қорының қолдауымен Байқоңырға барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жас өрендер алғаш рет ғарыштық зымыран ұшқан ғарыш айлағын тамашалады.

– Қор командасы үшін ең бастысы – балаларды әлемді тануға барынша ынталандыру. Сапар арқылы біз балаларды қуантып қана қоймай, балалық шақтың бақытты сәттері өмір бойы есте қалатындай әлемнің алуан түрлілігін көрсеткіміз келді, – дейді «Жаса одағы» ҚҚ директоры Денис Лукьянчук. 

Балалар үйінің тәрбиеленушілері ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын білдіруде. Себебі, олар әйгілі ғарыш айлағына, ұшыру алаңдарына, мұражайлар мен тарихи ескерткіштерге барып қана қоймай, ұшыру дайындығының барлық кезеңдерін – зымыранды әкету мен оны ұшыру, ғарышкерлерді ғарыш айлағына шығарып салу сәтін өз көздерімен көрді.

– Ғарыш кемесінің ұшырылуы көз алдымда. Біз қатты уайымдап, осы сәтті тағытсыздана күттік. Байқоңырға сапарым үшін мені таңдаған жандардың барлығына ризамын. Қазақстан үшін ғылым, ғарыш үшін қуаныш пен мақтаныш сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.  Байқоңырға барған сапарым мен үшін ең керемет сыйлық болды. Старттың өзін сөзбен жеткізу мүмкін емес, дыбысы өте қатты, бірақ бұл көрініс керемет әсер сыйлайды. Мұны әркім өз көзімен көруі керек. Мен бұл таңғажайып сапарды ешқашан ұмытпаймын, – дейді Екібастұз қаласы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Эльдар Юсупов.

Айта кету керек, 2022 жылдың жаз мезгілінде аталмыш қордың қолдауымен 16 бала  Маңғыстау облысына барған болатын. Биылғы жылы осыдан бір ай бұрын балалар Қазақстандағы балалар үйінің 100 тәрбиеленушісі қор ұйымдастырған саяхаттан оралды.