Он минуттық покер: «Ертіс» футболшылары астаналықтарды тас-талқан етті

Соған қарамастан кездесу өте тартысты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ринат Әлеуетов шәкірттері Астананың «SD Family» командасымен Қарағандының «Шахтер» командасының қосалқы алаңында кездесті – елордалықтардың аренасында жөндеу жұмыстары әлі бітпеген. Павлодарлықтар матч бойы басымдық танытып, алаң иелерінің қақпасына үлкен қысым жасады.
Максим Фединнің белсенгенінен кейін Тамерлан Ағыманов есеп ашты, ол он метрлік қашықтықтан «SD Family» қақпасын салқынқандылықпен дәл көздеді. «Ертіс» қарқынын сәл бәсеңдетті. Павлодарлықтардың босаңсығанын Азамат Айтпақаев пайдаланды. «SD Family» жартылай қорғаушысы қапталдағы екі қарсыласын алдап өтіп, «Ертістің» қақпашысы Никита Калмыковтың астынан қақпа сызығы бойымен пас жіберді. Допқа тосқауыл қоюға тырысқан павлодарлық қорғаушы Нұралы Елемес абайсызда допты өз қақпасына соғып алды.
Бұл сәтсіздік уақытша болса да, «Ертіс» қорғанысының мазасын қашырды. Арада төрт минут өткенде Нұралы Елемес шабуылдап жүріп допты тағы жоғалтып алды, ал астаналық Алдияр Алтаев қарымта шабуылға шықты. «SD Family» шабуылшысының айып алаңының сыртынан соққысы соншалық қауіпті болып көрінгенімен, «Ертіс» қақпашысы әріптестерін құтқара алмады – 1:2.
«Ертіс» қарсылас қақпасына лап қойды. Бірінші таймның өзінде павлодарлықтардың гол соғатын бес-алты мүмкіндігі болды, бірақ доп қақпаға дарымай қойды. Ақыры екінші таймда жолы болмаған Матвей Герасимовтың орнына бас бапкер Ринат Алюетов Еркебұлан Тұңғышбаевты алаңға шығарды. Тәжірибелі ойыншы өзінің жоғары шеберлігін көрсетуге бірден кірісті.
51-53 минуттар арасында шымкенттік өрен хет-трик жасаса, 61-минутта Еркебұлан Тұңғышбаев төртінші голын соқты. 88-минутта ол бесінші голын соқты. Сайып келгенде, «Ертіс» 7-2 есебімен жеңіске жетті.
Павлодар көшбасшысы Ақтаудың «Каспий» командасын қуып келеді.
«Ертіс» келесі кездесуін өз алаңында өткізеді. 3 қазанда команда алматылық «Хан Тәңірін» қабылдайды. Бұл павлодарлық команданың 2025 жылғы өз алаңындағы соңғы ойыны болмақ.