Онкологияға шалдыққан ауыр халдегі павлодарлықтардың құқықтары қорғалды
Олар өздеріне тиесілі төлемдерді алмай, тиісті процедурадан өтпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар прокуратурасы медициналық ұйымдарда онкологиялық науқастарды мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер алу үшін міндетті рәсім болып табылатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегенін анықтады.
– Жекелеген медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан ауыр халдегі пациенттер іс жүзінде заңмен көзделген әлеуметтік қолдау шараларынан айырылған, – деді облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 95 пациент медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілді, олардың 38-і мүгедектік дәрежесін алды, 57-сі сараптамадан өтуде.
Прокуратура ұсынуын қарау нәтижелері бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.