Павлодарда жел салдары жойылып жатыр

Павлодарда жел салдары жойылып жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбековтің мәліметінше, қазіргі таңда 42 бригададан құралған 100-ден астам маман мен шамамен 50 арнайы техника іске тартылған. Қала бойынша 18 апаттық бригада электр беру желілері, көше жарығы және бағдаршам жүйелеріндегі ақауларды жоюмен айналысып жатыр.

Электр желілеріндегі ақаулар жөніндегі өтініштерді «ПЭТК» АҚ диспетчерлік қызметі 8 (7182) 61-06-06 және 61-38-38 нөмірлері арқылы қабылдайды.

Оқиғалар туындаған жағдайда жедел ден қою үшін келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

  • 109 – Павлодар облысының бірыңғай байланыс орталығы;
  • 112 – ТЖД Call-орталығы;
  • 70-37-95 – қосымша байланыс нөмірі.