Париж-2024: Қазақстан құрамасы жетінші орында тұр

Париж-2024: Қазақстан құрамасы жетінші орында тұр
Фото: olympic.kz

Бұл – соңғы бес күндегі санақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар.

Дзюдошы Елдос Сметов 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасына алғашқы алтын салса, Ислам Сәтбаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды. Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншіледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады. Алғашқы орында Оңтүстік Корея (үш алтын, екі күміс, бір қола), екінші орында Аустралия (үш алтын, екі күміс) тұр. Үздік үштікті үш алтын, бір күміс, бір қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеді.