Парктер шеруі: Павлодарда халықаралық экологиялық акция өтеді

Парктер шеруі: Павлодарда халықаралық экологиялық акция өтеді
Фото: Константин Шелков

Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһарда «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты «Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясының салтанатты ашылуын өткізеді. Іс-шара қаланың жағалауында өтеді.

– Жиынның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды сақтау және жастардың экологиялық білімін арттыру. Сонымен қатар, тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру да – акцияның маңызды міндеттерінің бірі, – деді ұйымдастырушылар.

Шара қатысушылардың мерекелік экологиялық шеруімен басталады. Шеруге түрлі ұйымдардың өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысады.

Мереке барысында қонақтарға табиғат тақырыбындағы фотогалерея ұсынылады. Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктердің көрмесі мен көркем галерея ұйымдастырылады. Қатысушылар табиғатты зерттеу мен қорғауға арналған заманауи техникалармен де таныса алады. Олардың қатарында дрондар, камералар және фототұзақтар бар.

Бағдарлама аясында балалар мен жастар арасында құстарға арналған үйшіктерді жасау бойынша арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экологиялық акция мерекелік концертпен аяқталады. Қатысушыларды тіркеу сағат 12:30-да Естай көшесі, 31/1 мекенжайында басталады. 

Айта кетейік, акцияға барлық қала тұрғындары қатыса алады.