Павлодарға Швейцариядан келген маман табысты мансап құрудың құпиясымен бөлісті

Павлодарға Швейцариядан келген маман табысты мансап құрудың құпиясымен бөлісті
Фото: Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Луис Маркес Пинту Жоаудың IBM, CCS Group International, UBS Group және т.б. сияқты жетекші компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі мол, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Швейцариядан келген маман Pavlodar Hub-та «ІT саласында қалай табысқа жетуге болады?» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби маман ретінде танылған ол өңірдегі жеті колледждің студенттерімен кездесуде табысты мансап құрудың құпиясымен бөлісіп, тыңдармандардың сұрақтарына жауап берді.

Пікірталас барысында Жоау Луис Маркес Пинту бүгінгі таңда кең ауқымды IT саласының екі перспективалы бағыты өндірістегі көптеген жүйелерді автоматтандыруға және қол еңбегінің көлемін азайтуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект пен нейрондық желілер екенін атап өтті, – дейді облыстық білім беру басқармасында.  

Сондай-ақ заманауи әзірлеушілер бір нәрсеге маманданудың орнына, үнемі өздерін дамытып, түрлі бағдарламалау тілдерін үйренуі керек екенін, тек осылай ғана бәсекеге қабілетті бола алатынын айтты.

Кездесуде облыстық IT мамандардың еуропалық әріптестермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Жоау Павлодарға Ақпараттық технологиялар колледжінің әлеуметтік серіктесі – «SOLID GROUP» ЖШС-ның шақыртуымен келді.