Павлодарда ірі көлемді қоқыстарды жоюдың екі жолы ұсынылды
Көлемді қалдықтарды шығару үшін көлікке тапсырыс беру керек, оны жалпы контейнерлерге тастауға болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов қаланы аралау барысында рұқсат етілмеген қоқыс төгу мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті. Қала тұрғындарының өздері аулаларына ірі көлемдегі қалдықтарды – жиһаздар, құрылыс материалдарын тастайды.
– Біз мәселені екі жолмен шешеміз. Біріншісі – камерамен бақылау, әрине, бұл арзан болмайды, бірақ осылайша абаттандыру ережелерін бұзған жауапсыз азаматтарды жауапқа тартамыз. Екінші жол – қоршаған ортаны ластаушылармен күресетін полицейлер мен еріктілерді тарта отырып, аула патрульдерін күшейту, – аймақ басшысы.
Облыс әкімі көптен бері айтылып келе жатқан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне де тоқталды. Павлодарлықтар қоқыстарды сұрыптауды екі фракцияға бөлуі керек: біріншісі – көмілуі керек қоқыстар, екіншісі құрамдас бөліктерге сұрыптау: қағаз, пластмасса, шыны, металл.
– Жылына 150 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын сұрыптау кешенінің үлкен жобасын дайындап жатырмыз. Біз қалдықтарды бөлек жинауға қол жеткізе алатын болсақ, бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу эволюциясының ең жоғарғы кезеңі болады, – деген сенімде Асайын Байханов.
Оның айтуынша, әзірге жергілікті атқарушы органның стратегиясы қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады және оны бастапқыда кәсіпкерлік нысандарында жүзеге асыруды жоспарлап отыр.