Шабандоз зардап шекті: Баянауылда өткен көкпарға қатысты тексеру басталды
Оқыс оқиға 11 тамыз күні орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында өткен көкпар ойыны барысында командалардың бірінің ойыншысы атпен бірге құлап, жарақат алды.
- Ер адам Екібастұз қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Баянауылда аттан құлаған шабандоз комаға түсті. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 тамыз күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойда өткен көкпар ойыны барысында аттан құлаған шабандозға алғашқы медициналық көмекті жедел жәрдем қызметкерлері көрсеткен.