Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы тағайындалды
Бұл қызметке Муталапов Батыр Серікұлы келді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы әкімінің өкімімен 2023 жылғы 23 маусымнан бастап Батыр Серікұлы Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ол 1997 жылы туған, жоғары білімі бар, 2018 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша, 2020 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.
2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан асады.