Павлодарда «Great steppe fashion» этно-сән фестивалі өтеді

Павлодарда «Great steppe fashion» этно-сән фестивалі өтеді
ЖИ иллюстрациялық суреті

Фестиваль сән индустриясының өкілдерін бір алаңға тоғыстыратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Павлодар облысындағы креативті индустрияны дамытуға ықпал ету, ұлттық мәдениет пен заманауи сәнді сабақтастыра отырып, отандық дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылығын қолдау.

Фестиваль барысында этно-сән бағытындағы жаңа идеялар таныстырылып, ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылады. Сонымен қатар, шығармашылық мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстар орнатып, жаңа жобаларға жол ашуына мүмкіндік беріледі.

«Great steppe fashion» фестивалінің басты бағдарламасында заманауи сән үлгілерінің көрсетілімі ұйымдастырылады. Сән көрсетілімінде ұлттық нақыш пен дәстүрлі элементтерді заманауи дизайн шешімдерімен үйлестірген киім топтамалары таныстырылады.

Іс-шара аясында жергілікті дизайнерлердің шығармашылық жұмыстары ұсынылып, этникалық стильдің заманауи сәндегі жаңа қырлары көрсетіледі. Фестиваль ұлттық мұраның заманауи шығармашылықпен сабақтастығын насихаттап, Павлодар облысының креативті әлеуетін танытуға бағытталған.

Сән  фестивалі 23 қыркүйекте сағат 16:00-де Павлодар қаласының орталық жағалауында өтеді.