Павлодар 2-ЖЭО-да түтін мұнарасын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Жөндеу нысанды сыртқы әсерлерден қорғау үшін жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 2-ЖЭО-ның түтін мұнарасында жуу, тегістеу, сылау және сырлау, сондай-ақ конструкцияларды өңдеу жұмыстары аяқталып қалды.
– Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Толық аяқталуға үш күн қалды. Мұнара бетін жөндеу тек эстетикалық келбетін сақтау үшін емес, оны сыртқы агрессивті факторлардың әсерінен қорғау үшін де қажет, – деді мердігер «КазТеплоСпецСтрой» ЖШС учаске бастығы Михаил Дивинский.
Нысанда жоғары қысымды аппараттармен мұнараны жуу, металл конструкцияларын өңдеу, діңгектің бөлек учаскелерін сылау, грунтовка жағу және сырлау жұмыстары атқарылды. Жөндеуге 5 маман жұмылдырылған.