Павлодар «ақылды» бола түседі

Павлодар «ақылды» бола түседі
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ «ақылды» технологияларды енгізу бойынша бірлескен жұмысты арттыруға келісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Біздің облыс орталығы жақында әлеуметтік желілерде жария етілген бағалау көрсеткіштеріне қарамастан, республика ішіндегі ең ақылды қалалар рейтингінің шыңына жоспарлы түрде ілгерілеп келеді. Бұл туралы Павлодарда өткен кездесуде аймақ басшысы Асайын Байханов пен «Қазақтелеком» АҚ төрағасы Бағдат Мусин пікір алмасты.

Олар «SmartCity Pavlodar» жобасының іске асырылуын талқылады. Жобаның мақсаты – «ақылды» қала болу үшін негіз құру, сонымен қатар қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жобаның бір бөлігі – әлеуметтік нысандардағы 5 567 бейнебақылау камерасы, сондай-ақ, өңірдегі елуден астам мектептердегі қолжетімділікті бақылау жүйелері болды. Бұл жабдықты полиция департаментінің жедел басқару орталығы және облыс әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығы 1 қыркүйекке дейін қосуды жоспарлап отыр.

Келесі кезеңде тағы 106 жол камерасы мен 37 саябақта, скверлерде, сондай-ақ Павлодардың саяжай алаптарында 131 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Облыс әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ «ақылды» технологияларды енгізу бойынша бірлескен жұмысты арттыруға келісті.

Фото: Валерий Бугаев