Жұма күні Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

Жұма күні  Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

14 сәуірде күн бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек ҚР батыс және солтүстік өңірлерінде фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жететін қатты жел болжанады. 

Жаңбыр, облыстың солтүстік-батысында жауын-шашын жауады. Кешке қарай жаңбырдың соңы қарға ұласады.