«Павлодар» АЭА қатысушыларына теміржол рельстерін ұсыну пысықталды
«ҚТЖ» ҰК АҚ-мен вагондарды беруге және жинауға шарт жасалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда «Павлодар» АЭА ТЖ 1-кезегін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 13 желтоқсанда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Солтүстік» стансасында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағыны» теміржол жолының «№58 бағыттағыш бұрмасын» орталықтандырылған жүйеге қосу және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізілді.
– Атап айтқанда, қадағалау жүйесін автоматтандыруға түзету жүргізілді, «Солтүстік» стансасының диспетчерлік пунктіне қосылған бағыттағыш бұрманы сынау аяқталды, – дейді басқармада.
24 желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК АҚ-мен «Павлодар» АЭА ТЖ дайындық актісіне қол қойылды және келісілді.
2025 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін «Павлодар-Солтүстік» стансасына іргелес АЭА кірме жолында қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы» нұсқаулық әзірленеді, «ҚТЖ» ҰК АҚ-пен вагондарды беруге және жинауға шарт жасалады. «Павлодар» АЭА қатысушыларына теміржол жолдарын ұсыну бойынша қызметтерге тарифтік сметаны қорғау мәселесі пысықталады.