Павлодар ардагерлері 30 жылдық мерейлі белесті атап өтті

Павлодар ардагерлері 30 жылдық мерейлі белесті атап өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына арналған салтанатты шарада халық хоры өнер көрсетті, деп хабарлайды @ Pavlodarnews.kz.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко қатысып, жиналғандарды мерейтоймен құттықтады. Ол өз сөзінде ардагерлердің ел тарихын сақтаудағы және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті.

Сондай-ақ партия атынан бірқатар белсенді ардагерлер – Шәкен Намазбаев, Валерий Иванюшин және Людмила Семинаға Алғыс хаттар табысталды.

Кеш барысында «Ертіс әуендері» халық хоры өнер көрсетті. Бұл ұжым 2018 жылы Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Кеңесбаевтың қолдауымен құрылған. Хор құрамында түрлі ұлт өкілдерінен құралған шамамен 40 адам бар. Олардың барлығы – еңбек ардагерлері. Кәсіби әртіс болмаса да, жүректен шыққан әндерімен көрерменге ерекше әсер сыйлады.