Павлодар ауданы тас жолында екі адам көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы Заңғар ауылынан төрт шақырым қашықтықта орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақыру 22 шілде күні сағат 01:17-де түскен. Тас жолда жеңіл автокөлік фурамен соқтығысқан.
– Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 12 минутта жетті. Салдарынан екі адам қаза тапты, үшеуі зардап шекті, – деді станцияда.
56 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтыс болған. 52 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға, 16 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы бір 15 жасар баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.